{metadescription}
Беларусь елінде президент сайлауы 26 қаңтарда өтеді
Беларусь елінде президент сайлауы 26 қаңтарда өтеді

Беларусь елінде президент сайлауы 26 қаңтарда өтеді

Беларусь елінде президент сайлауы өтетін күн белгіленді. Саяси науқан келер жылдың 26 қаңтарына жоспарланып отыр.

Мұндай шешім Беларусь Өкілдер палатасының кеңесінде қабылданған. Бұған дейін елдің қазіргі президенті Александр Лукашенко алдағы саяси додаға қатысуға ниетті екенін бірнеше рет мәлімдеген.

Беларусьте соңғы президент сайлауы төрт жыл бұрын өткізілген. Ол кезде елді 1994 жылдан бері басқарып келе жатқан Лукашенко жеңіске жеткен еді. Яғни халықтың 80 пайызы оның кандидатурасын қолдаған. Алдағы өткізілетін сайлау Лукашенко қатысатын жетінші саяси дода болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде