{metadescription}
«Комфорт-класс». Алматыда тұрғындар құрылыс компаниясын сотқа бергелі отыр
«Комфорт-класс». Алматыда тұрғындар құрылыс компаниясын сотқа бергелі отыр

«Комфорт-класс». Алматыда тұрғындар құрылыс компаниясын сотқа бергелі отыр

«Көлік қоятын орын жоқ». Алматыда комфорт санаттағы тұрғын үй кешенінен пәтер алған тұрғындарға автотұрақ мәселесі бас қайғыға айналған. Себебі мың жарым пәтерлі кешенде бар-жоғы 400-ден аса көлік қоятын орын. Тіпті оның өзі қысқарып қалуы мүмкін. Уәде етілген жайлы жағдайды жасап бермеген құрылыс компаниясына жұрттың өкпесі қара қазандай. Алматы жоспарлау басқармасы құрылыс компаниясының әрекеті заңсыз болуы мүмкін деп отыр.

Бір қарағанда тұрғын үйдің келбетінен ешбір мін таппауыңыз мүмкін. Алайда жиналған жұрт бір жыл бұрын берілген үйдің әлі де бітпеген мәселесінің көп екенін айтады. Жылтыр жарнамаға сенгендер алғашында «жайлы үйден пәтер алдық» деп қуанған. Уақыт өте келе, бұл тұрғын үйдің эконом санатына жататынын білген. Оған қоса, дүйім жұрт құрылыс материалының сапасыз екеніне наразы.

Ботагөз Талқанбаева:

Sensata Group-қа алданып қалдық. Өйткені біз алған кезде аумағы үлкен болып көрінетін. Бірақ мына үйдің жанынан қызыл сызық бар. Ертең әкімдік көшемізді алып кетеді де, бізге түк те демейді. Біз де түк дей алмаймыз.

Ермұхан Қаратаев:

Бұнда 1515 пәтер бар. Ең бірінші мәселе, бізге сатқан кезде Sensata Group компаниясы «комфорт класс, жабық алаң» деп, жалпы жағдай жасалған деп сатты. Өтірік болып шықты. Өйткені қазір біліп отырмыз, бұл жерден Ұлықбек көшесі өтеді. Одан кейін Көктерек деген көше бар. Ол да тесіледі. Бәрі қызыл жолақта отыр.

Тұрғындар келешекте автотұрақпен қоса, футбол алаңынан да айырылып қаламыз ба деп дабыл қағуда. Айтунша, аулада қазірдің өзінде көлік қоятын орын тапшы. Наразы жұрт күнделікті бос орын іздеп далада сағаттап тұруға мәжбүр. Бұл аздай, күзетшілер белгісіз көліктерді өткізіп, тұраққа қоюға рұқсат береді екен-міс.

Жанат Карменова:

Өзі жетіспей тұрған автотұраққа «Газельдер», жүк көліктері қойылады. Соның салдарынан машинаны сырып кетіп отыр. Жеңіл машина тұратын жерге, тұрғын үй кешеніне жүк көлігін қоюға болмайды. Мына кузовты жөндеу 10 миллионға шығады. Менде ондай қаражат жоқ. Адамды тапқан кезде, ол кісі менің ақшам да жоқ, сақтандыру полисім де жоқ деп қашып отыр. Сонда кімге жүгінуім керек?

Тұрғындар мұндағы қордаланған мәселені шенеуніктерге де, құрылыс компаниясына да айтып шағымданған. Алайда тұшымды жауап ала алмапты. Үйді салған компания тілшілермен тілдесуге құлық танытпады. Ал қаланың бас жоспар мамандары аумақтың расында да қызыл аймаққа жататынын айтты. Бірақ мұны біле тұра, құрылыс компаниясы ауланы тұраққа неге айналдырғаны белгісіз.  

Жанат Сайбақов, Алматыны жоспарлау және урбанистика басқармасының бөлім басшысы:

Эскизді жобаның келісуі кезінде де ол қызыл сызық болды. Сондықтан ол қызыл сызық шеңберіне дейін тұрғын үй кешені, бәрі басқармамен келісілген. Жалпы көшенің өзі жоба бойынша бар болды. Ол бұрыннан бар. Өйткені эскизді  жобалаған кезде қызыл сызық шеңберін көрсетіп, талап бойынша, құрылыс талабымен қызыл сызықты көрсетіп, ол келісілген болатын.

 Былығы көп құрылыс компаниясы олқылықты өзі реттеуге тиіс. Ал тұрғындар бастапқыда уәде еткендей, жағдайын жасап беруді талап етеді. "Әйтпесе, сотқа шағымдануға мәжбүр боламыз" - дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде