{metadescription}
Марапат: Қара жұмыстан тартынбаған еңбек ардагерлеріне ерекше мән берілді
Марапат: Қара жұмыстан тартынбаған еңбек ардагерлеріне ерекше мән берілді

Марапат: Қара жұмыстан тартынбаған еңбек ардагерлеріне ерекше мән берілді

Республика күні қарсаңында Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Талай жыл табанды еңбек еткен мектеп мұғалімдері мен ғалымдар, еліміздің мәдени-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар назардан тыс қалмады. Биыл жоғары марапат, әсіресе, қара жұмыстан тартынбаған еңбек ардагерлеріне берілді.

Ұзақ жыл бойы өз саласының жілігін шағып майын ішкен майталман мамандар Президент резиденциясында көтеріңкі көңілмен бас қосты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаттықтың алтын қазығы қағылған Республика күніне орай, шын, лайықты тұлғаларға ең жоғары награда табыстады. Биыл көктемгі су тасқыны елімізге оңайға соқпады. Айтып келмейтін апат салдарын жоюға  жұртымыз бір адамдай ат салысты, деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті:

Күрделі сәтте менің халыққа арнайы үндеу жариялағанымды білесіздер. Онда бірде-бір адам ескерусіз қалмайтынын нақты айттым. Мемлекет сол уәдесін орындады. Қысқа мерзім ішінде 2700-ге жуық үй салынды. Баспанасын қалпына келтіру үшін 9 мыңнан астам отбасына өтемақы берілді. 6 мыңға жуық үй сатып алынды. Жаздан бері мыңдаған отбасы қоныс тойын тойлады.

Жылдар бойы төгілген тер мен тынымсыз еңбек зая кетпеді. Бүгін Президент қолынан «Қазақстанның еңбек ері» атағын алып, мінберде сөйлеген атақты ғалым, математик Асқар Жұмаділдаев "хакім Абайдың айтқандарының, құрығанда,10 пайызын орындасақ, бізден асқан ұлт болмас еді" деп ағынан жарылды. Бір кездері тұралап қалған Ғылым академиясының да бойына қайта қан жүгіртуге барымды саламын деп өз уәдесін берді.

Асқар Жұмаділдаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті:

Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады. Қазаққа осның барлығы да керек. Білікті азамат та керек, білімді азамат та керек. Бүгін сіздің қолыңыздан ең жоғарғы награда алу мен үшін үлкен мәртебе, үлкен абырой, үлкен жауапкершілік.

Бір-біріне тілектес, биік мақсаттарға ұмтылатын бірлігі мықты ел болғанда ғана көк паспортымыздың қуаты артатынын Президент қадап айтты. Бұл ретте заң азаматтарымыздың құқығы мен бостандығын қорғауда айнымас кепіл болуы керек екені түсінікті. Сондықтан заң қатаңдығына қылбұрау салып жатқандармен әңгіме басқаша болмақ. Президент Қазақстанның әлем аренасындағы рөлін айналып өтпеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Қазақстанның әлем аренасындағы беделін нығайта түсу ұлттық дипломатияның алдында тұрған маңызды міндет. Қазір дүниежүзі қауымдастығы біздің елді орта держава деп атайды. Бірақ арқаны кеңге салуға болмайды, әлі де белсенді жұмыс істеу керек.

Биыл мемлекет наградаларын тағайындауда қарапайым еңбек адамдарына екпін берілген. Ғалымдар мен жұмысшылар да назардан тыс қалмапты. Президент сөзінде медицина, демография көрсеткішінің де жақсарғанын ерекше атап өтті. Оның айқын бір дәлелі  орташа өмір сүру жасы Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет 75 жас межесін еңсерген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.