{metadescription}
Түркияда теракт. Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты
Түркияда теракт. Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты

Түркияда теракт. Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты

Түркияда терактіден зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандық азамат жоқ. Соңғы мәлімет бойынша лаңкестіктен бес адам қаза болған. Осыған байланысты түнде Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Оқиға Анкара қаласының маңындағы аэроғарыш компаниясының аумағында болған. Қаскөйлер мұнда таксимен келіп жарылғыш затты іске қосып, кейін оқ жаудырған. Бес адам мерт болып, 20-дан аса тұрғын жараланған. Оның үшеуі ауыр халде жатыр.

Шабуыл жасаған содырлардың бірі  ер адам, екіншісі  әйел. Қаскөйлердің көзі жойылды. Қазір біреуінің жеке басы анықталды «Күрдістан жұмысшы партиясының» мүшесі екен.  Терактіден кейін Түркия тарапы лаңкестерге қарсы операция жүргізе бастады. Яғни Сирия мен Ирактағы күрд ғимараттарына соққы жасады. Әуе соққыларының нәтижесінде лаңкестер жасырынған 32 нысан жойылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде