{metadescription}
«Аутизм». Ақтөбеде ашылған оңалту орталығында емдеп қана қоймай, өмір сүруге де бейімдейді
«Аутизм». Ақтөбеде ашылған оңалту орталығында емдеп қана қоймай, өмір сүруге де бейімдейді

«Аутизм». Ақтөбеде ашылған оңалту орталығында емдеп қана қоймай, өмір сүруге де бейімдейді

Ақтөбеде мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Енді аутизм дертіне шалдыққандарды емдеп қана қоймай, өмір сүруге бейімдейді.

Мейрам қарсаңында ашылған жаңа орталыққа бір жарым жастағы бүлдіршіннен бастап, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге дейін қабылданады. Бастысы ата-ана қолында мүгедекті растайтын құжат пен нақты дертіне қатысты хаттама болуы шарт. Жыл бойы 150-ден аса баланы тегін емдеп, дәрігер мамандар күні бойы бақылауға алады. Аутизм мен ақыл-ой кемістігі бар балаларды күнделікті тұрмыстық дағдыларға да үйретеді. Үнемі жақындарының өбектеуімен жүріп, бұл балалардың әлеуметтік жағдайға дағдылануы қиын. Сондықтан мамандар оларды төсек жинаудан бастап, тамақ пісіру, киім үтіктеу мен ыдыс жууға дейін арнайы бағдарлама бойыншаа үйретеді. Ер жеткенде ешкімге кіріптар болмас үшін, мүгедек балаларды жастайынан еңбекке де баулу керек. Сондықтан олар ағаш ұсталығы, тегіншілікті де үйренеді. Бұған ата-аналары да дән риза.

Бағдагүл Мұстафина:

Егіздердің анасымын. Жасымыз жетіде. Аутизм.Осыған дейін бармаған жеріміз жоқ. Бәрі ақылы болды. Айына 300 мың төлейтінмін екі балаға. Қазір ерекше балаларға аса көп қаражат. Енді осы орталық ашылғанына менен басқа да ата-аналар қуанып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде