{metadescription}
QazaqGaz Aimaq маманы бүкіл бір отбасын аман алып қалды
QazaqGaz Aimaq маманы бүкіл бір отбасын аман алып қалды

QazaqGaz Aimaq маманы бүкіл бір отбасын аман алып қалды

Шымкентте газға уланған отбасы енді есін жинап жатыр. Астанадан қыдырып келген Жүнісовтер Шымкентте пәтер жалдап тұрған. Бірақ сол пәтердің газ құрылғысы істен шығып, қос балақай мен ата-анасы улы газға тұншығып қалған. Оқыс оқиға орнына дер кезінде жеткен QazaqGaz Aimaq маманы апаттың бетін қайтарып қана қоймай, адамдарды да аман алып қалды.

«Қазақгаз Аймақ» мекемесінің де слесары Ермахан Манқараев 14 қазанда кезекті мәрте газ шығуы мүмкін деген мекенжайға жөнелтіледі. Пәтер жабық болған соң, қосалқы кілтпен есікті ашқан пәтер иесі мен жұмысшы есінен танып жатқан екі ересек пен қос  балақайды көреді. Газ құрылғыларын өшірген Ермахан, қарап тұрмай, ес-түссіз жатқандарға шұғыл медициналық көмек көрсетіпті.

Ермахан Манқараев, QazaqGaz Aimaq АҚ Шымкент өндіріс филиалы, апат диспетчері қызметінің слесарі:

Қарадым, аузы ашылды, көз жанары үлкейіп, қызарып кеткен. Баланың тілін тартып едім, ауа барып, жанамалап жатқызып, жүрегіне массаж жасадым, сол кезде қолы қимылдап, дауысын шығарды.

Газ қызметкерінің арқасында аман қалған отбасы Астанадан Шымкентке қыдырып келген екен. Сөйтіп жалдамалы пәтерге түнеген күні оқыс жағдайға тап болған. «Қазақгаз аймақ» мекемесі жұмысшысының кәсіби шеберлігі мен батылдығына алғысын жаудырған отбасы газ иісін байқамай да қалдық деп отыр.

Ғалия Жүнісова:

Ол кісілер болмағанда, өліп қалар ма едік.  Сол кісілерге көп рахмет! Газға және абай болыңыздар, құрметті ата-аналар. Кішкентай балдарға да. Газ құбырларын тексере жүріңіздер. Бұл тілсіз жау.

Биыл елімізде газға уланған 28 дерек тіркелді. Апат көбіне тұрғындар газға өз бетінше қосылғаннан немесе газ құрылғысы мен мұржасын тексермеуінен болады дейді мамандар. Соңғы оқыс оқиғада газ колонкасы мұржасының толып кеткені себеп болғаны анықталып отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

26 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде