{metadescription}
Қазанда қазақтың ұлы ақыны хәкім Абайдың ескерткіші ашылды
Қазанда қазақтың ұлы ақыны хәкім Абайдың ескерткіші ашылды

Қазанда қазақтың ұлы ақыны хәкім Абайдың ескерткіші ашылды

Татарстан астанасында Қазақтың ұлы ақыны хәкім Абайдың ескерткіші ашылды. Мүсінді Қазақстан тарапы сыйға тартқан.

Іс-шара Қасым-Жомарт Тоқаевтың БРИКС саммитіне іссапары аясында өткізілді. Жаңа ескерткіш Назарбаев пен Качалов көшелерінің қиылысында орнатылған.

Қола бюст авторы Нұрбол Қалиев. Оның биіктігі тұғырымен есептегенде үш жарым метр.

Ескерткіштің ашылуына еліміздің мәдениет және ақпарат министрі  Аида Балаева мен Қазандағы Қазақстан елшілігінің өкілдері, сондай-ақ Татарстанның мәдениет министрі қатысты. Алты жыл бұрын дәл осы жерге Қазақстан тарапынан сыйға берілген «Тайқазан» қойылған еді.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

– Бұл екі ел арасындағы достықтың, өзара түсіністік пен рухани туыстықтың дәлелі. Ашылудың БРИКС мемлекеттері ынтымақтастығы саммиті аясында өтіп жатқанының өзі іс-шараға ерекше сипат беріп тұр. Бұдан өзара мәдени байланыс нығайып, одан әрі тереңдей түсері сөзсіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде