{metadescription}
Марвел комикстарының үшінші бөлімі кинотеатрда қазақша көрсетіліп жатыр
Марвел комикстарының үшінші бөлімі кинотеатрда қазақша көрсетіліп жатыр

Марвел комикстарының үшінші бөлімі кинотеатрда қазақша көрсетіліп жатыр

"Өле-өлгенше қасыңда боламын: Веном. Соңғы би". Марвел комикстарының жағымсыз кейіпкері жайлы үшінші бөлімі қазақ тілінде дубляждалып, кинотеатрда көрсетіліп жатыр. Disney мен Pixar студияларының қазақ тілін қолдау бастамасын Sony Pictures компаниясы жалғастырды.

Веномның үшінші бөлімін Қазақ тілі қоғамының ұсынысымен Sony Pictures өз қаражатына аударып дубляждады. 20 актер трилогияның соңғы бөлімі делінген картина кейіпкерлерін қазақша сөйлетуге бір ай кетіпті. Ал режиссер Шах-Мұрат Ордабаевтың бұл ең ірі 47-ші жобасы.

Шах-Мұрат Ордабаев, дубляж режиссері:

Дәл осы жобаға әртіс табу қиын иболды. Барынша экспедиция жасап, еліміздің мен мен деген талантты әртістерінің арасынан Веномға лайықты әртістерді табуға бар жігерімізді салдық. Менің ойымша, жақсы нәтиже шығардық. Фильмді дыбыстауға 30 күндей уақыт кетті.

Кейіпкерлерін қазақ тіліне кино және театр актерлері, эстрада әншілері мен елге танымал тележүргізушілер дыбыстаған.

Салтанат Бақаева, актриса:

Менің кәсіби тұрғыдағы жұмысым болғандықтан, қызыға да, қызғана қабылдадым. Түрлі эмоцияны дауысыңмен жеткізу, мен енді актер болғандықтан, көбіне сахнада немесе кинода білдіресің ғой, ал бұнда тек дауысыңды жеткізе білуің керек. Сонысымен қызық болды. Жалпы дубляжда менің тәжірибем бар. Бірақ әлем деңгейіндегі дубляж бірінші рет.

Нұрай Жеткерген, актриса:

Веном дубляж саласындағы ең алғашқы жобам. Қатты ұнады. Түрлі эмоцияны бастан кешірдім. Режиссермен жұмыс істеген де ұнады. Сахна тілін дамытып, осы саланы ары қарай қолға алсам деген бір ниетім бар. Қиындық, әрине, бар. Кейіпкерге дауыс арқылы жан бітіру маған ерекше практика, ерекше тәжірибе болды.

Танымал актер Том Харди «Веном» фильмінің соңғы бөлімінде де басты кейіпкерді өзі сомдады. Бұл бөлімде Эдди мен Веномның бір-біріне қарсы тұруы жер бетінде ғана емес, өзге әлемде де жалғаспақ. Алдағы демалыс күндері картинаның кинотеатрда жүріп жатқан қазақ тіліндегі нұсқасын тамашалсаңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.