{metadescription}
Республика күні Оралда кезекте тұрған 78 отбасы баспаналы болды
Республика күні Оралда кезекте тұрған 78 отбасы баспаналы болды

Республика күні Оралда кезекте тұрған 78 отбасы баспаналы болды

Республика күні Оралда үй кезегінде тұрған 78 отбасыға пәтер кілттері табысталды. 20 жылдан бері баспанасын күткендерге қуанышты жаңалықты бірер күн бұрын ғана хабарлаған. Арманы орындалғанына көпшілігі сене алар емес.

Бақыт Молдашева:

Пәтер жалдап тұрдық, 17 жылдай, одан кейін саяжайда тұрдық. Ет комбинаты жақта. Бүгін, міне, баспана алып жатырмыз. Қатты қуандық. Бала-шағам бар. Баршаңызға көп-көп рахмет!

Пәтерлер Оралдың жаңа бөлігі саналатын 10-шы шағынауданнан бұйырып отыр. Баспаналы болғандардың дені көпбалалы отбасы, мүгедек бала асыраушылар мен әлеуметтік аз қамтылған топтар. Екі және үш бөлмелі пәтерлер сантехника және газ плитасымен жабдықталған. Жоспарда жыл соңына дейін тағы 100-ге тарта пәтер беріледі. Қалада 22 мыңға жуық халық баспана кезегінде тұр.

Мұрат Бәйменов, Орал қаласының әкімі:

Жыл аяғына дейін осы бағдарлама бойынша тағы да 100 пәтер сатып, тұрғындарға береміз. Бұл бағдарлама ары қарай да жалғасады. Соңғы жылдары «Отбасы банк» арқылы бағдарламамыз жақсы іске асырылып жатыр. Тұрғындар өз есебіне ақшасын жинап, алғашқы жарнасын жинайды,  «Отбасы банк» несие береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде