Республика күні: Ел ішінде қатынайтын пойыз саны арттырылды
Республика күні қарсаңында ел ішінде қатынайтын пойыздар көбейді. Ұлттық мерекеде жолаушылар билет таба алмай сабылмас үшін, көлік министрілігі қосымша вагондар бөлген.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
25.10.2024
Тіркеме вагондар Астана - Шымкент, Астана - Алматы, Ақтөбеден елордаға қатынайтын пойызға қосылған. Өйткені бүгінгідей айтулы күндері дәл осы бағытта жолаушылар нөпірі айтарлықтай артады екен.
Тұрғындар жиі қытайтын өзге де бағыттар бар. Астанадан елдің оңтүстігіндегі, батысы мен шығысындағы ірі қалаларға, сондай-ақ Алматы мен солтүстік, батыс және орталық өңір арасы. Орын тапшылығының алдын алу үшін ұлттық тасымалдаушы 22 мың жолаушыға есептелген 500 қосымша тіркеме қосыпты.
Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:
— Қосымша вагондар тіркелгенімен, билет құны өзгеріссіз. Мереке емес күндері билет қанша тұрса, қосымша вагон пойыздардың құны дәл сондай. Яғни, ешқандай қосымша қаражат талап етілмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!