{metadescription}
Талғар изоляторынан қашқан күдікті үш жылға дейін сотталуы мүмкін
Талғар изоляторынан қашқан күдікті үш жылға дейін сотталуы мүмкін

Талғар изоляторынан қашқан күдікті үш жылға дейін сотталуы мүмкін

«Жаза жалғасады». Алматы облысында Талғар ауданы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті аталмыш әрекеті үшін 3 жылға дейін сотталуы мүмкін. Қазір осы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Қашқын араға төрт күн салып, бейсенбіден жұмаға қараған түні ұсталған болатын. Ол өзі тұратын Тереңқара ауылының маңынан құрықталған. Ағаш арасында жасырынып жүрген жерінен ұсталған. Полицейлердің көзін ала бере қашып кеткен 26 жастағы жігітті қолға түсіруге тепловизормен жабдықталған дрон көмектескен. Яғни құрылғы арқылы жүрген жері анықталып, полицейлерге хабар берілген. Бұл шараға төтенше жағдайлар қызметкерлері мен ауыл тұрғындары да ат салысты. Күдіктінің изолятордан қалай қашып кеткені айтылған жоқ. Бір анығы, бұған жол бергендер де заң алдында жауап береді. Бекарыс Қалмырзаев бұның алдында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталған.

Меруерт Морякова, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады. Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматқа алғыс білдіреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде