{metadescription}
Атырауда ірі сауда орталығы өртеніп кетті
Атырауда ірі сауда орталығы өртеніп кетті

Атырауда ірі сауда орталығы өртеніп кетті

Атыраудағы ең ірі сауда орталықтарының бірі күлге айналды. Кеше кешкісін тұтанған қызыл жалын «Байзар» сауда нысанының 700 шаршы метр аумағын жалмаған. Өрт ошағынан 80 адам эвакуацияланды. Тілсіз жаудың тұтануына электр желілеріндегі ақау себеп болуы мүмкін дейді мамандар. 

Бағдат Абдуллин, Атырау облысы ТЖД басқарма бастығы:

80 адам құтқарылды, эвакуацияланды. Арасында 45 бала бар. Зардап шеккендер болған жоқ. ҚР ҚК 192-бабы, 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Анықталғаннан кейін толық ақпараты жарияланады.

«Байзар» сауда ойын-сауық орталығында 80-нен астам кәсіпкер дүңгіршек жалдап сауда жасайды. Бір сәтте барынан айырылған бизнес иелеріне әзірге ешқандай өтемақы төленбейді. Тек уақытша жалға алу ақысынан босатылыпты. Ал әкімдіктегілер арыз түссе, кәсіпкерлерге басқа сауда орнынан бос жер тауып беруге дайынбыз дейді. Бірақ шаш-етектен шығынға батқан саудагерлерге бұл ұсыныстың ұнай қоймасы анық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде