{metadescription}
Каспийде жүз елуден аса итбалық қырылған
Каспийде жүз елуден аса итбалық қырылған

Каспийде жүз елуден аса итбалық қырылған

Каспий теңізінің жағалауынан жүз елуден аса итбалық өлексесі табылды. Қызыл кітапқа енген сүтқоректілердің неден жаппай қырылғанын мамандар анықтап жатыр.

Түпқараған ауданына қарасты Баутин ауылы маңындағы жағалауда итбалықтардың жайрап жатқанын мамандар көрген. Демалыс күндері болған дауылдан өлекселерді толқын теңіз жағасына шығарып тастаған. Алғашқы күні өлексе саны 51 болса, ертесіне тағы жүз итбалық табылды. Қазір құзырлы орган өкілдерінен бастап, зерттеуші ғалымдардың бәрі осы мәселені тексеріп жатыр. Итбалықтың өлекселерін жинап алып көміп тастаған. Ал тісі мен тырнағын, ішкі құрылысынан сынама алып зертханаға жіберіпті. Инспекциядағылар сүтқоректілер ауға түсіп өлген болуы мүмкін деп болжайды. Көктемде де дәл осы маңнан өлген итбалықтар табылған еді.

Әлібек Жәлелов, Маңғыстау облысы балық инспекциясы басқармасының бас маманы:

Сексен пайызы жақында өлген. Денесінде аудың ізі бар. Соған қарағанда, браконьердің ауына түскен секілді. Зерттеу сынамасынан кейін нақты анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде