Жыл басынан бері есірткі дайындайтын 52 зертхана жойылған
Есірткі дайындаумен айналысқан тағы төрт зертхана анықталды. Полиция үш күн демалыста синтетикалық наша мен марихуана шығаратын астыртын орынды тауып, 10 адамды қамауға алған. Арасында шетелдің екі азаматы бар.
Автор: Әсем Лесбек
28.10.2024
Зертхананың екеуі Алматы қаласында, біреуі - облыс аумағында. Төртіншісін олар Жетісу өңірінде ашып алған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, тыйым салынған зат өндірісімен ұсталғандар бұрыннан айналысқан көрінеді. Жыл басынан бері осымен 52 зертхана жойылып отыр. Заңсыз айналымнан жарты тоннаға жуық "синтетика" тәркіленген. Бұл былтырмен салыстырғанда екі есе көп дейді полиция.
Данияр Мейірхан, ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары:
— 66 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 13-і — сату фактісі және тоғызы — сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 кг «синтетика» және 11 кг марихуана тәркіленді. Аталған қылмыстар бойынша 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жұмыс жалғасуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!