«Халықаралық іздеу». Алаяқтық жасады деген күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген азамат Қырғызстанда ұсталып, елге қайтарылды. Күдікті қазір Алматыдағы уақытша ұстау изоляторында отыр.
Автор: Ақтоты Жұмабек
29.10.2024
Күдікті былтыр алматылық кәсіпкерге желдеткіш және кондиционер бөлшектерін «жеткізіп берем» деген желеумен, 75 млн теңгесін қалтасына басқан. Осыдан кейін ол ізін жасырып шекара асқан. Халықаралық іздеу жарияланған күдікті биыл мамырда Бішкек маңында ұсталған. Енді оның бүкіл мүлкі тәркіленіп, бестен он жылға дейін сотталуы мүмкін.
Әсел Беркалиева, ҚР Бас прокуратурасының өкілі:
— Күдікті 2023 жылы Алматыда желдетуге арналған бөлшектермен кондиционерлерді жеткіземіз деген сылтаумен кәсіпкердің 75 миллион теңгеден астам қаржысын жымқырған. Қылмыс жасағаннан кейін алаяқ қашып кеткен. Сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған. Биыл мамырда Бішкек қаласында ұсталып, одан кейін ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!