{metadescription}
Бастама: Электрсамокатты жасөспірімдер тізгіндесе, кикшеринг компаниясы жауапты
Бастама: Электрсамокатты жасөспірімдер тізгіндесе, кикшеринг компаниясы жауапты

Бастама: Электрсамокатты жасөспірімдер тізгіндесе, кикшеринг компаниясы жауапты

Электрсамокатты жасөспірімдер тізгіндеген жағдайда жауапқа кикшеринг компанияны тарту керек. Депутаттар заңға осындай тармақ енгізу туралы бастама көтерді. Оған сәйкес, қос дөңгелекті көлікті кімнің жалға алатынын бақылау кәсіпкерлерге жүктеледі. Ал қазір кәмелетке толмағандар электрсамокат айдағанда ата-анасы жауапты. Жыл басынан бері 130 жеткіншектің ата-анасына айыппұл салыныпты.

Электрсамокаттарға қатысты заң осыдан бір жыл бұрын қабылданған. Ережеде қос дөңгелекті көлікті кәмелетке толған азаматтар тізгіндеуге тиіс және жүргізуші куәлігі болуы қажет. Жылдамдықты сағатына 25 шақырымнан асырмауы керек. Бірақ ережені елеп жатқан ешкім жоқ. Тіпті жасы жетпеген ұл-қыздар да көлік құралының бұл түріне құмар.

Кішкентайымды қағып кеткен кез де болды. Самокатқа қатаң тәртіп орнату керек. Көше бойынан жүріп бара жатқанда өте қауіпті.

Ата-анасына емес, баланың өзіне ескерту берілсін. Өзім де машина айдаймын. Мені де бір-екі рет сырып кеткен жағдай болған.

Өте дұрыс. Өйткені әр ата-ана өз баласына жауапты.

Көп жағдайда тұрғындар, сабаққа асыққан оқушылар мен студенттер кептелісте уақыт жоғалтпау үшін көшеде тізіліп тұрған самокаттың бірін тізгіндейді. Депутаттар жауапкершілік артатын кез келді деп есептейді. Себебі олар тек пайда көздеп, ешкімнің жасын тексермейді. Бұл мәселені депутаттар Үкіметте бұған дейін де бірнеше рет көтерген. Қазір кикшеринг компанияларына қатысты жаңа заң жобасы да дайындалыпты. Онда жалға берушілер бірқатар талапты орындамаған жағдайда оларға айыппұл көзделген. Құжат қараша айында қоғам талқылауына шығарылмақ.

Екатерина Смышляева, Мәжіліс депутаты:

Бұл заң жобасында міндетті түрде шеринг компанияларға талаптар енгізіледі. Сәйкесінше, мұндай компаниялар ең алдымен мемлекет алдында, сондай-ақ қолданушылар алдында жауапты болады деп ойлаймын. Өйткені бұл қазірдің өзінде бақылауға келмейтін іске айналып отыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы тоғыз айда электрсамокатқа қатысты144 жол-көлік оқиғасы болып, екі адам қаза тапқан. Ал 130 жасөспірімнің ата-анасы баласының электрсамокат тізгіндегені үшін жазаланған.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі:

Санкция белгілі 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл. Немесе оны тағы да қайталаса, 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады деген сияқты негізі қарастырылған жауапкершілік осы 127-бабта, әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте.

Жасөспірімдер мобильді қосымша арқылы электрсамокатты жалға алған жағдайда ата-анасының төлем картасының нөмірін тіркейтіні жасырын емес. Сондықтан заңмен жауапкершілік кикшеринг компаниясына жүктелген жағдайда да, тәртіп сақшыларының жұмысы азаймайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде