{metadescription}
Абай облысында 13 миллионға бағаланған балық тәркіленді
Абай облысында 13 миллионға бағаланған балық тәркіленді

Абай облысында 13 миллионға бағаланған балық тәркіленді

Абай облысында заңсыз ауланған балықты тасымалдаған 38 жастағы азамат ұсталды. Оның жүк көлігінен құны 13 миллион теңгеге бағаланатын балық тәркіленді.

Қолында еш құжаты жоқ жүргізушіні полицейлер Алматы - Өскемен тас жолының бойында тоқтатқан. Көлігін тексерген кезде 408 қап көксерке мен 47 қорап балықтың сүбе еті тәркіленді. Су жәндіктері Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы өзен-көлден ауланған екен. Алайда тасмалдауға арналған рұқсат қағазы болмаған. Заңсыз өнімді қайда апарып сатпақ болғаны белгісіз. Балықты заңсыз аулау және тасымалдау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде