"Таза Қазақстан": СҚО-да полицейлер мен экологтар рейд жүргізді
Солтүстікте полицейлер экологтармен бірге әр жерге заңсыз төгілген қоқысты тексеруге шықты. Рейдке "Таза Қазақстан" акциясы арқау болған.
Автор: Жаңалық Ахаш
29.10.2024
Бұл ауқымды шараның екінші кезеңі деуге болады. Бұған дейін бастамашы топ заңбұзушылықтарды анықтаса, енді соны жою қалай жүргізілгенінін тексеруге шығыпты. Қоқысты көптің назарынан жасыру мүмкін емес — арнайы геопортал іске қосылған. Сол арқылы ғарыштан бақылауға мүмкіндік бар.
Жыл басынан бері полицейлер мен экологтар заңсыз 100 қоқыс полигонын анықтапты. «Таза Қазақстан» акциясы кезінде жүргізілген рейд нәтижелі болып, қоқыс тастайтындар екі есеге азайған.
Еркем Галиуллина, СҚО ПД Табиғат қорғау полициясы инспекторы:
— Әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 18,5 млн теңгеге айыппұл салынды. 7,5 млн теңге өндірілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!