«Үш мың адам». Түркістанда Kaspi.kz халықаралық марафон өткізді
Түркістанда қазақстандық Kaspi.kz инновациялық компаниясының қолдауымен халықаралық ауқымды марафон өтті. Спорт шарасына әлемнің 40-тан астам елінен жиналған желаяқ қатысты. Үш мыңнан астам марафоншы рекорд орнатып қана қоймай, түркі әлемінің рухани орталығы саналатын шаһардың қонақжайлығына да куә болды.
Автор: Бек Әбиев
30.10.2024
Қазақстандық Kaspi.kz компаниясы көп жылдан бері Орталық Азиядағы ең ірі — «Алматы марафонның» титул демеушісі. Енді Түркістанда жыл сайын өткізілетін дәстүрлі марафонның да қолдаушысына айналды. Жаппай жүгіру шарасы денсаулық пен көтеріңкі көңіл-күй мерекесіне айналды. Қала ішіндегі түрлі-түсті бояуға толы мәре-сөре алаңындағы көңілді әуен, дене қыздырудан кейін көп күткен жарыс та басталды.
Пандора Мэнс, марафонға қатысушы:
— Он шақырымды 44 минут, 40 секундта жүгіріп өттім. Керемет ұйымдастырылған. Маған қатты! Бұл ұзақ немесе кез келген қашыққа жүгіруге таптырмайтын жер. Kaspi, осындай шара үшін рахмет!
Марафоншыларды тіпті ауа райы да қолдады. 3,10,21,1 тіпті 42.2 шақырымға жүгіргендердің өзі «өте жеңіл болды» дейді. Қатысушылар, әсіресе, жарыс жолының сапасы жақсы екенін айтады.
Аяулым Нұрекенова, марафонға қатысушы:
— Бүгін 10 километр жүгірдім. Көңіл-күйім тамаша. Барлықтарыңызды жүгіруге шақырамын.
Еліміздегі туризм жауһары саналатын Түркістандағы ауқымды спорттық шара тек спортсүйерқауым мен марафоншылар, жанкүйерлердің қызығушылығын арттырған жоқ. Қалаға туристер де көп келген.
Толкун Олдонбаева, марафонға қатысушы:
— Марафонның арқасында Түркістан қаласына алғаш рет келіп, осындай барлық киелі және көрікті жерлерін аралап, танысуға мүмкіндік алдық. Қонақжайлылық үшін осындай тамаша қалаға рахмет!
Түркістандық кәсіпкерлер спортшылар мен олардың жанкүйерлерін қонақжай қалыппен қарсы алды. Кәдесый сататын шағын дүкендерден бастап, атақты қонақ үйлерге дейін алдын ала дайындалған. Нәтижесінде қонақтар кәдесый, керемет әсермен қайтты, ал бизнес жақсы табыс тапты.
Айгерім Искакова, Hampton by Hilton Turkistan қонақ үйінің менеджері:
— Осы Түркістан Марафон арқылы біздің қонақ үйіміздің бизнесіне өте үлкен үлес қосып жатыр. Дәл қазіргі таңда бізде 120 бөлме болса, 90 пайызы осы Түркістан Марафоннның қатысушылары. Әрине, ол бізге өте жақсы.
Ұлбосын Рысбаева, ұлттық кәдесыйларды сатушы:
— Туристер көп келіп жатыр. Туризм дамып жатыр, қуанамыз әрине. Келген туристерге Түркістанда жасалған қолөнер бұйымдарымызды көрсетіп жатырмыз. Кеше, бүгін өте көп басқа елден, қалалардан қонақтар келіп, өзіміздің бұйымымызды ұсынып, таныстырып, сатып жатырмыз, қуаныштымыз, әрине. Біздің мәдениетіміз дами берсін осылай.
Әзімбек Пазылбекұлы; Түркістан қаласының әкімі;
— Марафон бұл сондай әлемдік деңгейде ұйымдастырылып отыр. Бұл дегеніміз мынау Түркістан қаласының облыстық орталық болғалы бері қарқынды жан-жақты дамуының негізгі басты себептерінің бірі. Әлемдік, халықаралық деңгейде өткізілуіне мұндай шараны қаржыландырып, қолдау білдіріп отқан мынау Каспи банкіне біз өте үлкен алғысымызды білдіреміз.
Түрлі қашықтыққа жүгіргендердің бәрі марафон соңында жеке рекорд жаңартып, сөредегі жақсы көңіл-күймен қатар естелік медаль алды. Ал жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен кубоктар берілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!