Ақтөбеде адам өлімімен аяқталған жаппай төбелеске кінәлілер сотталды
Ақтөбеде адам өлімімен аяқталған жаппай төбелеске кінәлілер сотталды. Айыпталушы алты жітіттің екеуі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылды. Ал қалған төртеуі жеңіл жазамен құтылды.
Автор: Жаңалық Ахаш
30.10.2024
Нұрлан Бақтығалиев, Ақтөбе облысы мамандандырылған қылмыстық істер ауданаралық сот судьясы:
— Қалған сотталушыларға жәбірленушілердің кешірім бергені, жеңілдететін мән-жайлардың болуы, ауырлатанын мән-жайдың жоқтығы ескеріліп, оларға сот сол кездегі заң күшінде болған заңның талабына сәйкес бас бостандығы шектеліп отыр.
Үкімді тыңдауға келгендер көп болды. Жаппай төбелес кезінде қаза тапқан студенттің жақындары мен сотталушылардың туыстарына зал лық толды.
Бұл қанды қылмыс осыдан он ай бұрын қала шетіндегі Қызылжар ауылында болған еді. Әлеуметтік желіде сөзге келген көрші екі ауылдың жастары түн жарымында дүкен маңында кездеседі. Екі жақ болып жұдырықтасқан соң, қарсы тарап төрт жігітке пышақ сұққан. Суық қару 17 жастағы студенттің көк тамырына тиіп, жүрегін жарақаттаған. Ол оқиға орнында тіл тартпастан көз жұмды. Ал жарақат алған екі жігіттің беті бері қарап, сотта куәгер ретінде жауап берді. Ақжар ауылының жастары жаппай төбелеске алдын ала пышақтарын сайлап келген. Студентке сол қаруды сұғып алған екі сотталушы 18 және 15 жылға сотталды. Ал пышақ барын біле тұра, қатарластарына қой демеген төртеу де жазасыз қалмады. Бірақ сол кезде қаза тапқан қыршынның анасы олардың түрмеге отырмай, тек еркіндігі шектелгеніне наразы. Сондықтан апелляциялық шағым түсірмекші.
Ботагөз Жайтақова:
— Үкім толық келіспеймін. Кетер балам кеткен шығар. Бірақ та толық жазасын алғанын тілеймін. Ұзақбаев пен Махамбетовке тағылған кінәмен келісемін. Бірақ қасында төрт қылмыскер отыр. Төрт қылмыскердің залдан босатылғанына қарсымын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!