{metadescription}
Алматыда күзетшіні өлтірген күдіктіге қатысты тергеу қайта жүргізіледі
Алматыда күзетшіні өлтірген күдіктіге қатысты тергеу қайта жүргізіледі

Алматыда күзетшіні өлтірген күдіктіге қатысты тергеу қайта жүргізіледі

Алматыда асқан қатыгездікпен күзетшіні өлтірген күдіктіге қатысты тергеу қайта жүргізіледі. Бұған дейін прокуратура Нұрбол Қайыпбаевты жер жастандырған азаматқа психиатриялық дертке шалдыққан деген қорытынды шығарып, іс тоқтатылған болатын. Енді бұл шешім өзгертілді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу сот-психиатриялық сараптамаға байланысты үзілген болатын. Қазіргі уақытта өндіріс қалпына келтіріліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілетін болады.

Оқиға наурыз айында «Самал» ықшамауданында болған еді. Күдікті мас күйде көлігіне мініп тұрғын үй кешені аумағынан айдап  шығуға тырысады. Шлагбаумда алдындағы  күзетші оған бұл әрекетінің заңғы қайшы екенін айтып жолын бөгемекші болған. Бірақ жол талғамайтын көлік мінген азамат күзетшіні машинасымен үш рет қағып, шалажансар жатқанда басынан тепкілеген. Кейін полиция күдіктіні қамауға алып тергеуді бастады. Сараптама қорытындысы бойынша күдікті психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық орталыққа жатқызылып, тергеу тоқтатылған болатын. Десе де бүгін іс қайта жанданып, күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылды.  

Асылбек Әбдірайымов, адвокат:

Тергеушімен хабарластық. Ол тергеу абақтысына әкелінді деді. Енді қазір сот сараптасы тағайындалуы керек. Қаулы шығарылады. Сол қаулымен танысамыз. Соған үлкен үміт артып отырмыз. Егер шынайы ол ауру болса, енді оны сот шешім қабылдайды. Тергеу толыққанды өтсін деп қадағалап отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде