{metadescription}
Ұлытау облысы: Табиғи ресурстар басқармасы экс-бастығының соты басталды
Ұлытау облысы: Табиғи ресурстар басқармасы экс-бастығының соты басталды

Ұлытау облысы: Табиғи ресурстар басқармасы экс-бастығының соты басталды

Ұлытау облысында Табиғи ресурстар басқармасының бұрынғы бастығына қатысты сот процесі басталды. Экс-шенеунікке қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Соның салдарынан көктемгі су тасқынында он баспананы су шайып кеткен дейді тергеушілер.

Наурыз айының соңында Жезді ауылында төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті өзен жағадан шығып он үйді су шайып кеткен еді. Тасқында 128 адамды құтқаруға тура келді. Оның 65-сі   бала. Жүздеген деген мал қауіпсіз жерге шығарылған. Табиғи ресурстар басқармасының басшысы өзен арнасы тазалаланды деген актіге қол қойған. Ал, сс жүзінде ол мүлде жасалмаған. Техникалық және авторлық қадағалау жүргізбей, өзен бойын тексермей, ресми түрде нысанды қабылдаған. Соның салдарынан үйлер суға кетіп жұрт әлекке түсті. Келген шығын көлемін құзырлы орган әзірге айтқан жоқ.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

Тергеуде құрылыс нормаларының орындалмағаны, сонымен қатар жобалау құжаттамасынан ауытқуға жол берілгені анықталды. Бұл жобалаушы мәлімдеген су көлемін өткізу қабілетін азайтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде