{metadescription}
Қарағандыда құрылыс алаңында жұмысшы мерт болды
Қарағандыда құрылыс алаңында жұмысшы мерт болды

Қарағандыда құрылыс алаңында жұмысшы мерт болды

Қарағандыда құрылыс алаңында жұмыс істеп жүрген екі адам биіктен құлап кетті. Бірі оқиға орнында мерт болса, екіншісі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Құрылысы жүріп жатқан баспанаға жұмысшылар лифт орнатуға келген. Екі адам темір тросқа бекітілген құрылғыға отырып жұмыс істеп жатқан. Осы кезде ол үзіліп кетіп, екі жұмысшы төменге құлдилаған. Бірақ олардың нақты қай қабаттан құлағаны белгісіз. Оны енді сараптама анықтайды. Оқыс жағдай кеше болған. Бүгіннен бастап құрылыс нысанында тексеріс басталды. Адам өлімі бойынша қылмыстық іс те қозғалған.

Айдар Алданыш, құрылыс компаниясының өкілі:

Әзірге тексеріс жүріп жатқанда құрылыс тоқтап тұр. Сараптамалар тағайындалады. Құрылғының өзі жоғарыға дұрыс бекітілмеді ме, әлде бір жерінен үзіліп кетті ме, оны анықтауы тиіс. Бұл біздің нысандарда лифт орнатып жүрген тәжірибелі маманы бар компания. Бәрін тексеріс анықтауы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.