{metadescription}
«Дөң» тау-кен байыту: Жол апатына қатысты арнайы комиссия құрылды
«Дөң» тау-кен байыту: Жол апатына қатысты арнайы комиссия құрылды

«Дөң» тау-кен байыту: Жол апатына қатысты арнайы комиссия құрылды

Ақтөбе облысында «Дөң» тау-кен байыту комбинатына қарасты кареьерде болған жол апатына қатысты арнайы комиссия құрылды. Себебі мұнда жүк көлігі аударылып, екі жұмысшы жерде мерт болған.

Жүк тиелген көлік «Молодежный» шахтасынан шығады. Карьердегі айналма жолдармен келе жатқанда көлік аударылып, жүргізуші мен жанында болған жұмысшы жаншылып қалған. Машинаның сау тамтығы қалмаған. Апатты тексеруге кіріскен еңбек инспекторлары жұмыс беруші компанияның кінәсі бар-жоғын анықтаймыз дейді. Әсіресе көліктің ақауы болған-болмағаны жіті зерттеледі.

Талғат Исқарин, Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:

— «Мирный» деген, сол сапарына бара жатқан жерінде жол апаты болып екі адам қайтыс болып отыр. Сол себептен қазір тексеруге арнайы комиссия құрылды. Өндіріске қатысы бар ма, жоқ па, не себептен болды? Соның бәрінің анық-қанығына жеткеннен кейін қосымша ақпарат беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде