Костенко шахтасы: 46 кеншінің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр
Костенко шахтасында қаза тапқан 46 кеншінің өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс бойынша он адам күдікті деп танылды дейді бас прокурордың орынбасары.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
31.10.2024
Ғалымжан Қойгелдиев, ҚР Бас прокурордың орынбасары:
— Шындығына келгенде, бұл бізге үлкен трагедия. 46 кенші опат болды. Қазір он адам тергеліп жатыр. ArcelorMittal компаниясына қатысты да істер бар, бірақ оның қай деңгейде екенін айта алмаймын.
Былтыр қазанның 28-не қараған түні Костенко шахтасында метан газы жарылды. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, қызыл жалын алты шақырым жерге жайылып, төрт учаскені шарпыған. Сол түні жер астында жүрген 252 кеншінің 46-сы көз жұмды. Одан бері бір жыл өтсе де, алапат апатқа нақты кім кінәлі екені әлі белгісіз. Өйткені тергеу толық аяқталмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!