{metadescription}
«Мефедрон табылған». Білім беру мекемелерінің құбыры тексерілмек
«Мефедрон табылған». Білім беру мекемелерінің құбыры тексерілмек

«Мефедрон табылған». Білім беру мекемелерінің құбыры тексерілмек

Білім беру мекемелерінің құбырынан сынама алу арқылы оқушылар мен студенттер арасында есірткі тұтынатындардың бар-жоғы анықталмақ. Әділет министрлігі мен Бас прокуратураның осы әдіспен бірлесе жүргізген тексерісінің қорытындысы бойынша, алты материалдың төртеуінен мефедрон табылған.

Сот сараптама орталығының мамандары ағынды кәріз су құрамын талдау есірткі тұтынуды нақты уақыт режимінде бақылаудың таптырмас әдісі дейді. Бұл тәжірибе, әсіресе, Батыс Еуропада кеңінен қолданылатын көрінеді. Есірткіні тұтыну ошақтарын анықтау мақсатындағы пилот жоба аясында бас қалада мектептер, тұрғын үй кешендері мен түнгі клубтар маңында зерттеу жүргізілді. Осы арқылы есірткі таралу аумағының айқын көрінісін анықтауға жақсы мүмкіндік туды дейді зерттеушілер.

Руслан Сатыбалдиев, Әділет министрлігі, Сот сараптама орталығының директоры:

Пилот жоба эпидемиологиялық зерттеу жүргізу мақсатында жүргізілді. Белгілі бір ортада есірткіні қолдану қаншалықты жиі кездесетінін білу үшін. Талдауда қандай да бір белгілерді нашаның өзінен емес, ағзадан шығарылған метаболиттерінен анықтаймыз. Астанада есірткі заттарының барлық түрі қолданылады деген қорытындыға келдік. Енді зерттеуді Қазақстан бойынша жасағымыз келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде