{metadescription}
Петропавлдағы жер үй өртінде үйде қалған қария құтқарылды
Петропавлдағы жер үй өртінде үйде қалған қария құтқарылды

Петропавлдағы жер үй өртінде үйде қалған қария құтқарылды

Петропавлда жер үй өртеніп, 73 жастағы қария қызыл жалын ортасында қалып қойды. Өздігінен сыртқа шыға алмаған науқас қарияның өрт сөндірушілер келгенше терезеден телміріп отырудан басқа амалы қалмаған.

Таң ата қала шетіндегі жер үйлердің бірі өртене бастағанын көршілері көрген. Құтқарушылар жедел жеткеннің өзінде ескі ағаш үй лаулап жанып үлгерген. Өртенген үй ішінде бірнеше газ боллоны болғандықтан, кез келген уақытта жарылып, күлі көкке ұшуы мүмкін еді. Көршілері үйде науқас қарияның барын айтып, өрт сөндірушілер жалма-жан зейнеткерді құтқарып үлгерді. Қазір ол ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауында.

Ерлан Құсайынов, Петропавл қаласы, №1 өртке қарсы бөлімшесінің аға инженері:

Өрт сөндірушілерге қиындық туғызғаны үйдің ашық жалынға орануы. Барлаған кезде терезенің алдында тұрған адамды көрді. Терезеден будақтап қою түтін шығып жатты. Біз әп-сәтте үйдің терезесін бұзып, оны құтқарып алдық. Бірден жедел жәрдем көлігіне салдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.