{metadescription}
Қазақстан бәсекеге қабілетті 35 мемлекеттің қатарына қосылды
Қазақстан бәсекеге қабілетті 35 мемлекеттің қатарына қосылды

Қазақстан бәсекеге қабілетті 35 мемлекеттің қатарына қосылды

Қазақстан бәсекеге қабілетті 35 мемлекеттің қатарына қосылды. Халықаралық менеджменттті дамыту институтының мәліметі осындай. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы президент жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында мәлімдеді.

Moody’s агенттігі қыркүйекте Қазақстанның экономикалық рейтингін бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілгенін де хабарлаған. Бүгінгі диалогта Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға қарай шетелден қосымша 150 миллиард доллар тікелей инвестиция тартуды көздеп отырғанын жеткізді.

Өршіл мақсатқа жету жолында Үкімет жанындағы Инвестиция штабына тиісті құзырет беріліп, инвесторлардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалуда. Мәселен, Қазақстан соңғы алты жылда геологиялық барлауға  миллиард доллардан астам жеке инвестиция тартқан.

Энергетика секторындағы жағдай да едәуір жақсарған.Бұл ретте Президент ел дамуында халықаралық мұнай компанияларының маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

 Шетел инвесторлары елімізге капитал құйып, озық технология мен жоғары білікті мамандарын әкелді. Олардың инвестициясы отандық энергетика саласының дамуына оң ықпал етті  кейінгі 30 жылда мұнай өндірісі үш есе артты. Осы көрсеткіштердің нәтижесінде Қазақстан мұнай өндіру қарқыны жоғары мемлекеттердің үздік бестігіне кірді. Болашақта біз бұл межені жылына 100 миллион тоннадан асыруды көздеп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде