{metadescription}
Талғар алмұрты мен Нарынқол картобы — отандық бренд
Талғар алмұрты мен Нарынқол картобы — отандық бренд

Талғар алмұрты мен Нарынқол картобы — отандық бренд

Талғар алмұрты мен Нарынқол картобы ресми түрде отандық бренд ретінде тіркелді. География нұсқамаларын тіркеу туралы әділет министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.

Талғат Уәли, ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі:

Географиялық нұсқама белгілі бір географиялық аймақтан шыққан және сол орналасқан жеріне байланысты бірегей қасиетке немесе сапаға ие, ауылшаруашылық, азық-түлік, қолөнер мен өнеркәсіп өнімдерін анықтау үшін пайдаланылатын және табиғаты мен мәдениеті, тарихы мен шыққан жеріне тығыз байланысы бар жаңа зияткерлік меншік нысаны.

Еліміздің әр аймағында өндірілетін тауарды тіркеу арқылы оның ұлттық бренд ретінде дамуына әрі әлемдік нарықта танылуына біршама мүмкіндік береді. Сондай-ақ инвестициялық тартымдылықты арттырып, туристік индустрияны ілгерілетуге де зор ықпал етеді. Бүгінге дейін елімізде 19 географиялық нұсқама ресми тіркелген. Оның қатарында Талғар алмұрты мен Нарынқол картобынан бөлек, Алматы апорты, Қарағанды бройлері мен Көкшетау майы бар.

109 нұсқама өтініш ретінде әділет министрлігінің қарауында екен. Ол өнімдер арнайы тексерістен өтіп толық негізделсе, географиялық көрсеткіш ретінде танылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде