{metadescription}
Халықаралық сарапшылар автор құқығын қорғаудың тиімді жүйесін айтты
Халықаралық сарапшылар автор құқығын қорғаудың тиімді жүйесін айтты

Халықаралық сарапшылар автор құқығын қорғаудың тиімді жүйесін айтты

Автор құқығы тиісті деңгейде сақталмай жүр. Әділет министрлігіне зияткерлік меншік иелерінен осындай шағым жиі түседі. Біреудің еңбегін рұқсатсыз пайдалануды шектеу үшін бүгін Алматыда халықаралық семинар өтті.

Шараға дүниежүзілік зияткерлік меншікті қорғау ұйымының өкілдері шақырылған. Халықаралық сарапшылар автор құқығын қорғаудың тиімді жүйесін құрудағы тәжірибесін бөлісті.

Қазір елімізде 15 авторлық қоғам бар. Ол шығармашыл адамдардың құқығын қорғауға барын салады. Алайда нәтижеге жету қиын. Мәселен, белгілі бір композитордың туындысы фильмде қолданылады. Алайда сазгерге сыйақы төленбейді. Бұл олқылықты жою жолдарын әділет министрлігі авторлық қоғамдармен әрі шетел сарапшыларымен бірлесе іздеп жатыр.

Ботагөз Жақселекова, ҚР Әділет вице-министрі:

Қазір авторлардан, мұрагерлерінен, танымал композитор мен жазушылардан көп шағым түсіп жатыр. Олар өз туындылары танымалдылықпен қолданылғанына қарамастан, сыйақыны тиісті мөлшерде алмайтынын айтады. Біз мемлекеттік орган ретінде олардың құқығын тиісті деңгейде қорғауға көмектескіміз келеді. Осы арқылы авторды жаңа туынды шығаруға, жалпы мәдениетті дамытуға ынталандыра аламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде