{metadescription}
«Роботек». Үш өңірде «Озық ұрпақ» білім беру жобасы басталды
«Роботек». Үш өңірде «Озық ұрпақ» білім беру жобасы басталды

«Роботек». Үш өңірде «Озық ұрпақ» білім беру жобасы басталды

Еліміздің үш өңірінде «Озық ұрпақ» білім беру жобасы басталды. Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен және «Роботек» мектебі жүзеге асырып жатқан шара аясында осыған дейін бес аймақтың екі мыңға жуық оқушысы роботехника жасауға машықтанып, мұғалімдер біліктілігін арттырған болатын. Енді солардың қатары тағы да толығып жатыр.

Сұлтанбек Қазиев, жоба жетекшісі:

Биыл Ақтөбе, Орал және Өскемен қалаларын қамтып отырмыз. Жалпы алғанда 15 мектеп шамамен 750-ден жоғары бала саны оқытамыз. Жоба негізі бұл үшінші жыл жалғасып келе жатыр.

Ақтөбедегі жобаның таныстырылымына келген мұғалімдер қуанышты. Оқытушылар «Озық ұрпақ» шарасы аясында біліктілігін арттырып қана қоймай, шәкірттеріне инженерия, электроника мен бағдарлама жасау бойынша береген дәрістері үшін Нұрсұлтан Назарбаев қорынан қосымша еңбек ақы алып отыратын болады. Ал оқушылар робототехника жасап, бағдарлама құрастыруды үйренеді. Жарты жыл бойы алған сабақтарының қортындысында осы сала бойынша білім додаларына қатысады.

Орал қаласындағы таныстырылым кезінде жобаны ұйымдастырушылар осылайша дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік болады деп отыр. Мұғалімдер робототехника бойынша екі күндік курспен шектелмейді, жарты жыл бойы мамандар олардың біліктілігін арттырып, оқушыларға да іс жүзінде үйірмелерде білім беріледі. Арнайы техникалар да жеткізіледі.

«Озық ұрпақ» жобасына қатысқан оқушылар халықаралық жарыстардан да жүлдемен қайтқан. Осы үрдіс биыл да жалғасын табады деген сенім бар. Сонымен қатар басқа да аймақтың метептері де тыс қалмайтынын айтады жоба авторлары.

Диана Дүйсенова, «Роботек» мектебінің курс жетекшісі:

Тағы да бізде екінші жоба бар, Нұрсұлтан Назарбаев қорының. Ол УТС деген жоба. Мүмкін осы жобамен осы қалаларда боламыз. Ол спортты-робототехника туралы. Біз қырық мұғалімді оқытамыз. Сосын мұғалімдер турнирде жүлделі орын алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде