{metadescription}
Алматы облысы: Қаза тапқан Батырхан Ержанның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысы: Қаза тапқан Батырхан Ержанның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысы: Қаза тапқан Батырхан Ержанның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қауіпті әрекетін видеоға түсіремін деп қайтыс болды. Алматы облысында Lamborghini Aventador көлігінен секірмек болып қаза тапқан Батырхан Ержанның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Рөлде 45 жастағы ер адам отырған. Ал құны 170 миллион теңгеден асатын спорт көлігі блогер Бейбіт Әлібековке тиесілі. Блогерді қауіпті трюк жасауға не итермеледі?

Түсі өзіне жарасымды қызғылт сары. Алды-артына тағылған нөмірі де VIP. 770 ат күші бар дәл осы темір тұлпардан 22 жастағы Батырхан Ержан секірмек болып, ерекше видеомен желіні жарғысы келген. Бірақ ойлағаны жүзеге аспай, көлік астында қалды. Ауыр жарақаттан жас жігіт ауруханада қаза тапқан. 

Марқұм Батырхан Ержан ТикТок желісіне алғашқы видеоларын осыдан екі жыл бұрын сала бастапты. Өзі тап болған түрлі жағдайды әзілмен жеткізіп, кейбір видеосы сегіз миллион рет қаралған. Бірақ бұған дейін жас жігіттің экстремал контент түсіргені байқалмады. Кәсіпкер Бейбіт Әлібековке тиесілі Lamborghini Aventador көлігінен секіруге әлеуметтік желіде ұйымдастырылған байқау себеп болған көрінеді.

Бейбіт Әлібеков, кәсіпкер:

  Менен бірнеше рет көлік сұраған Батырхан Ержан деген жігіт естеріңізде шығар. Әу баста, мен оған көлікті бермедім. Telegram желісінде талқылаған едік. Кейін, ақыры, темір тұлпарды трюк жасау үшін бердім. Байқау өтті ғой деймін. Осылайша, оның бір трюгы сәтсіз аяқталды. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Мүмкін оған көлікті берудің қажеті жоқ па еді.

Қазір қайғылы оқиға бойынша полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

Меруерт Морякова, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

  29 қазанда Ақсай ауылындағы Сокол автодромы аумағында бейнеролик түсіру үшін трюк орындау кезінде 22 жастағы жас жігіт абайсызда 45 жастғы жүргізуші басқарған көліктің астына түсті. Жігіт аудандық ауруханаға жатқызылды. Ал 30 қазанда есін жимастан көз жұмды. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқиға Сенат депутаттарына да мәлім. Көліктің иесі ғана емес, трюк жасаған адам да оның салдары жайлы алдын ала ойлау керек еді деп санайды.

Геннадий Шиповских, Сенат депутаты

 Каскадер дүниесі адам өміріне қауіпті. Сондықтан да, рөлге отырғаннан кейін ұшақ, тікұшақ, машина болсын, бірінші кезекте өз өміріне өзі жауапты. Көлікті жүрер алдында техникалық қауіпсіздігін қарап шықты ма, тексеріп шықты ма деген сияқты. Менің ойымша, бір жақтан ғана кінәні іздеуге болмайды. Ол дұрыс емес. Жан-жақты қарау керек.

Қайғылы оқиға болған «Сокол» автодромы. Алматыдан алшақ орналасқан бұл жерде көліксүйер қауым жаттығулар өткізіп, спорт жарыстарына қатысады. Автодром басшылығы болған жәйтқа пікір білдіруге құлық танытпады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.