{metadescription}
Жамбыл облысы: Қарындасын зорлап келген екінші күдікті ұсталды
Жамбыл облысы: Қарындасын зорлап келген екінші күдікті ұсталды

Жамбыл облысы: Қарындасын зорлап келген екінші күдікті ұсталды

Жамбыл облысында өз қарындасын жылдар бойы зорлап келді деген екінші күдікті ұсталды. Кәмелетке толмаған қаршадай қызға қорлық көрсетіп келген екі ағайындының бірі қашып кеткен болатын. Ол бүгін Шу ауданы маңындағы шаруа қожалығында жасырынып жатқан жерінен қолға түсті.

Бұған дейін 13 жастағы қыздың алты жыл бойы жыныстық зорлық-зомбылық көріп келгенін бала құқықтары жөніндегі уәкіл хабарлаған. Омбудсмен Динара Зәкиеваның сөзінше, қорлық көрген жеткіншек анасымен бірге әлеуметтік орталыққа жатқызылды. Қазір сұмдық жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ағайынды екі адамның азғындыққа барғаны дәлелденсе, өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:

Жедел-іздестіру жүргізіп, Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығынан ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірінші күдікті ізін суытпай ұсталған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде