{metadescription}
Қорғаныс министрлігі: Әлімжеттік мәселесін шешудің оңтайлы жолын таптық
Қорғаныс министрлігі: Әлімжеттік мәселесін шешудің оңтайлы жолын таптық

Қорғаныс министрлігі: Әлімжеттік мәселесін шешудің оңтайлы жолын таптық

Әскери борышын өтеп жүрген он мың сарбаздың кредит төлеу мерзімі 14 айға шегерілді. Бұл шамамен 4 миллиард теңге, деді қорғаныс министрлігінің басшылығы. Әскери қызметші қарулы күштер қатарында болған бір жылда, кейін үйіне оралған соң екі айдай қарызын өтеуден толық босатылған. Бұл уақыт ішінде несиенің үстемақысы өспей, бастапқы алынған сома көлемінде тұрады.

Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

Биылдан бастап әскерге алынған жас сарбаздардың кредит мерзіміне бір жылға мораторий жарияланады. Яғни 12 ай бойы өсім жүрмейді, былайша айтқанда, кредит сомасы қатып тұрады. Сондай-ақ ескерте кететін бір жайт, қазір әскерге аттанған азаматтың атына бөгде біреудің, не өзінің несие рәсімдеуі мүмкін емес.

Қорғаныс министрлігі әскердегі әлімжеттік мәселесін шешудің де оңтайлы жолын таптық деп отыр. Ол үшін жауаптылар жасанды интеллект көмегіне жүгінбекші. Жаңа технология мүмкіндігі бөлімшелердегі барлық бейнекамераға орнатылады. Осылайша ақылды технология автоматты түрде әскери бөлімшеде сарбаздар топтасып тұрса, қандай да бір сарбаз ақсаңдап жүрсе немесе бейуақытта дәлізде әлдекімдер жүріп-тұрса, бірден басшылыққа хабарлама түседі.

Биылдан бастап қорғаныс министрлігі барлық әскери бөлімде дәретхана кіреберісіне бейнекамера орнатуды қолға алыпты. Жеке кабиналардың іші бақылауға алынбағанымен, кіріп-шыққанның бет-жүзі анық көрінетін болады.

Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

Егер бір кенет қозғалыс болса немесе көп адам бір жерде жиналса, оны камера аналитикасы әскердің басшысына белгі беріп отырады. Биометрия да қанша адам кірді, қанша адам шыққанын анықтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде