Президент Қарағанды облысы әкімі Ермағамбет Бөлекбаевқа сөгіс жариялады
Президент Қарағанды облысы әкімі Ермағамбет Бөлекбаевқа сөгіс жариялады. Оған Саран қаласының жылу маусымына дайындығына тиісті деңгейде бақылау жүргізбегені себеп.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
01.11.2024
Шағын шахарда 1 қазан күні құрылысы 13 жыл бойы жүргізілген жылу орталығы іске қосылған болатын. Алайда күн сәл суытып еді, толық қарқынға өтер алдында орталық пештері сөніп қалған. Ал қала билігі осыған дейін әр жерде бірнеше үйден жылытып тұрған шағын қазандықтарды жүйеден ажыратып тастапты. Орталық істен шыққанда бұрынғысын қайта іске қосуға тура келгенімен, олар да қысқа дайын болмады. Сондықтан ескі қазандықтарға шұғыл отын-суын тасып, сорғылар қайта орнатылды. Болары болғанда, облыс басшысы Саран қаласының әкімі Баулықовқа алдымен сөгіс жариялап, ертеңіне жұмыстан босатты. Бірақ бүгін өзі де президенттен сөгіс алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!