Алматыда болған автобус апатына қатысты іс сотқа жолданды
Алматыда жазда болған автобус апатына қатысты іс сотқа жолданды. Бір адам қаза тауып, 25 жолаушы жарақат алған жол-көлік оқиғасының себеп-салдары енді Алмалы ауданының сотында анықталады.
Автор: Әсем Лесбек
01.11.2024
Осыдан төрт ай бұрын Мақатаев пен Масанчи көшесінің қиылысында "Киа» кроссовері №18 бағыттағы автобуспен соқтығысты. Содан қоғамдық көлік оң қапталдағы дүкенді жайпап өтіп бір-ақ тоқтайды.
Тергеу кезінде полицейлер апатқа кінәлі деп, кроссовер тізгіндеген белгілі кинопродюсер әйелді қамауға алған. Кейін оның емізулі баласы бар екені ескеріліп, үйқамаққа жіберіледі. Ал осы жол апатынан қаза тапқан жігіт — тапсырыс жеткізумен айналысқан курьер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!