{metadescription}
Ақтөбеде су спортымен айналысатын балалар бассейнге мұқтаж
Ақтөбеде су спортымен айналысатын балалар бассейнге мұқтаж

Ақтөбеде су спортымен айналысатын балалар бассейнге мұқтаж

Ақтөбеде су спортымен айналысатын балалар мен жасөспірімдер бір жылдан бері жаттығатын бассейн таба алмай жүр. Мемлекет меншігіндегі үш бірдей олимпиадалық резерв мектебі жабық. Біреуі сүрілуі тиіс, қалған екеуінің жөндеуі бітер емес. Ата-аналар балалардың жарыстардағы көрсеткіші түсіп кетті деп алаңдайды. Оған қоса, жекеменшік бассейнге апаруға көбінің қалтасы көтермейді.

Ақтөбедегі балаларды жүзуге кәсіби баулитын «Шағала» бассейінінің жабық тұрғанына бір жарым жылдан асты. Жөндеу жұмыстарының созылып кеткеніне ата-аналар ашулы. Себебі, балалары жаттығудан жаңылып, жекеменшік шағын хауыздарға апаруға мәжбүр. Оған көбісінің қалтасы көтермейді. Оған қоса, мемлекеттік «Достық» бассейнін де жөндеуге жауып, «Дельфинді» мүлдем сүріп тастамақ. Осының кесірінен жас спортшылардың жүзу жарыстарынан деңгейі түсіп кетті дейді.

Әйгерім Аймұратова::

Ақтөбеде қазір тегін жаттығатын бассен жоқ. «Чайка» мен «Достық» жабық тұр. Мемлекеттік бессейн, екеуі де жабық тұр. Осы қазір Павлодарда жарыс болды. Балаларымыздың деңгейі түсіп кеткен. Астанада балалар күніне екі рет жаттықса, біздің балаларымыз бір рет, тек бір сағатқа келеді.

Аралбай Есбергенов:

Өз бассейндері дайын болмағасын әр жерге барып жүр. Одан жүлделі орын ала алмайды. Ақылы бассейндер. Былтыр қыркүйекте қосады деді. Жаңа жылға дейін бітіреміз деді. Былтыр жаңа жылға дейін. Ол да болмай қалды. 

Спорт мектебінің басшылары «Шағала» бассейнін жөндеуге тендер ұтқан компания «жұмысын аяқтамай тастап кетті» деп отыр. Ол мердігер басқа да спорт нысандарын шала істеп, қара тізімге енген. Енді бітірмей кеткен жұмыстарын бапкерлер мен мектеп жұмысшылары істеп жатыр.

Болат Еңсепбаев, жүзуден олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры:

Төрт рет ұзартты. Балалар үшін бітіріп алғымыз келді. Оларды сотқа бергенмен, сотты ұта алмаймыз. Ол компания бірнеше жерде ұтқан, оны әкімшілік, біздің басшылық біледі. Жұмысы дұрыс жүріп жатқан жоқ. Енді қазір жұмыс 95 пайызға бітіп тұр. Ішкі жұмысын өзіміздің жұмысшылар, өз күшімізбен істеп жатырмыз.

Спорт басқармасындағылар балаларды бассейнсіз қалдырамыз деп ойламадық деп ақталады. Қос мектептегі жөндеудің қатар жүруін де мердігердің шала ісінен көріп отыр. Ал «Дельфин» бассейні ғимаратымен қоса тозғандықтан, сүруден басқа амал қалмапты. Келер жылы жаңа бассейннің құрылысы басталмақшы.

Шыңғыс Шоқпытов, Ақтөбе облысы спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының м. а.:

Негізі «Чайка» бассейні мамырда бітуі керек еді. Мердігердің жұмыстары созылып кетті. Негізі «Чайка» тапсырылып, содан кейін «Достықтың жұмысы басталуы керек еді. «Чайка» жұмысы келесі аптадан жаңартылады. Бассейнге су толтырылып, бәрі жүргізіледі.

Шенеуніктер «Шағала» бассейні келесі апта жұмыс істейді дегенмен, санитар мамандар әлі рұқсат бермепті. Жөндеу жүріп жатқан екінші бассейн жаңа жылда ғана дайын болмақ.

Ақтөбе облысы бойынша жүзу спортымен айналысатын балалар саны үш мыңға жуық. Тең жартысы облыс орталығында тұрады. Сондықтан айналдырған үш мектеп ашылған күннің өзінде ол аздық етеді дейді ата-аналар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде