{metadescription}
Еліміздегі «Заң» газетіне — 30 жыл
Еліміздегі «Заң» газетіне — 30 жыл

Еліміздегі «Заң» газетіне — 30 жыл

Еліміздегі тұңғыш адам құқықтары туралы басылым —  «Заң» газетіне 30 жыл. Алматыда журналистика саласының майталмандары мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен арнайы кеш ұйымдастырылды.

з«Заң» және «Юридическая газета» басылымы 1994 жылдың 3 қарашасында тұңғыш жарық көрген. Парламентте талқыланып жатқан заңжобалары, күшіне енетін баптар туралы оқырманға түсінікті тілмен жеткізіп, халықтың құқықтық сауатын ашуға тырысатын басылымның қазірге дейін 100 миллионнан астам тиражы шыққан.

Шараға газеттің бастауында тұрған редакция ұжымы да келген. Жиында жазушы журналистердің еңбегі еленіп, оларға құрмет грамоталары мен медаль табысталды.

Басылымның кешесі мен бүгінінен сыр шертетін деректі фильм де ұсынылды. Тілшілердің естелігі ой-пікірінен тұратын «Тарих. Тұлға. Тағылым» атты жинақтың да тұсауы кесілді. 

Досымбек Өтеғалиев, «Заң» медиа-корпорация директоры:

Қазір газеттер бір қиын-қыстау кезеңнен өтіп жатыр. Өйткені әлеуметтік желі, сайт дегендер шықты. Алайда бәрібір газет өз орнын жоймайды, өз рөлін ешқашан жоймайды деп есептейміз. «Заң» газетімен «Юридическая» газеті әлі де шағады, шыға береді деп сенімді түрде айтқымыз келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.