{metadescription}
Семейдегі жылу қазандықтарында апат жиіледі
Семейдегі жылу қазандықтарында апат жиіледі

Семейдегі жылу қазандықтарында апат жиіледі

Семейдегі жылу қазандықтарында апат жиіледі. Соңғы бір айдың өзінде жылу жүйесінен тоғыз мәрте ақау шыққан.

70 мыңнан астам абонентті жылумен қамтып отырған қаладағы ең үлкен жылу қазандығының апатты жағдайда екені бұған дейін де айтылған. Абай облысына арнайы іссапармен барған Үкімет басшысы Олжас Бектенов атқамінерлерге тұрғындардың қыста қиналып қалмауын ескерткен еді. Тіпті шаһардың инфрақұрлымын жаңғыртуға шамамен 11 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Алайда жылу маусымы басталмай жатып, Семейде апат жиілеп отыр. Мәселен екі апта бұрын Аягөзде жеті көпқабатты үй, 56 жеке баспана, үш мектеп пен бір балабақша жылусыз қалды. Осыдан кейін аудан басшысына сөгіс жарияланыпты. Кейбір қиындыққа қарамастан, қысқа толық дайынбыз дейді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:

Қателеспесем, Аягөз қаласында 1 қараша күні жылу беріле бастады. Жылу берген сәтте қазандықта апат орын алды. Аудан әкіміне сөгіс жарияланды. Ол көп жылдан бері жекенің қолында болып, жөндеу жүргізілмеген. Биыл бюджеттен қаражат бөлдік. Бәрін шеше алмадық. Апат болып тұрады. Біз қысқа дайынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде