{metadescription}
Қазақстан азаматтары Ливаннан эвакуацияланды
Қазақстан азаматтары Ливаннан эвакуацияланды

Қазақстан азаматтары Ливаннан эвакуацияланды

Атыс-шабыс толастамай жатқан Ливаннан Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері елге эвакуацияланды.

Қақтығыс аймағынан шығарылған 41 отандасымыз Бейруттан Стамбұл және Дубай арқылы Алматы мен Астанаға жеткізілген. Қазақстан азаматтарын елге эвакуациялау қазанның 17-нен 31-і аралығында жүргізіліпті.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Ливанда қазір 139 Қазақстан азаматы консул есебінде тұр. Оның ішінде дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері бар.

Айта кетейік, Ливандағы жағдай қыркүйек айының соңынан бері ушығып тұр. "Хезболла" ұйымына қарсы деген желеумен Израиль әскерилері Ливан аумағын әуеден де, жерден де атқылауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде