Талғарда ту мен елтаңбаны қоқысқа тастағандарды іздеп жатыр
Төрде емес, қоқыста жатыр. Алматы облысында полиция мемлекеттік ту мен елтаңбаны тұрмыстық қалдықтардың арасына тастағандарды іздеп жатыр.
Автор: Әсем Лесбек
04.11.2024
Мемлекеттік рәміздер Талғар ауданына қарасты Еркін ауылындағы қоқысқа тасталыпты. Тұрмыстық және құрылыс қалдықтарының ішінде бірнеше елтаңба мен ту да жатыр. Ескірген рәміздер мемлекеттік мекемелердің маңдайшасында талай уақыттан бері тұрғаны анық. Полиция әзірге кінәлілерді таппаған. Бірақ мұндай жауапсыз әрекет үшін жаза барын ескертті.
Ернар Сайділдин, Алматы облысы ПД бөлім басшысы:
— Мемлекеттік рәміздерді қорлау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Талғар ауданының полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел іс-шара ұйымдастырды. Кінәлі адамдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шара қолданылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!