{metadescription}
Боксшы Алмаз Жолдасовты атып кеткендердің жазасы өзгеріссіз қалды
Боксшы Алмаз Жолдасовты атып кеткендердің жазасы өзгеріссіз қалды

Боксшы Алмаз Жолдасовты атып кеткендердің жазасы өзгеріссіз қалды

Түркістан облысында белгілі боксшы Алмаз Жолдасов пен оның серігін атып кеткендердің жазасы өзгеріссіз қалдырылды. Қанды қылмыс жасағандар мен тапсырыс берушілердің бірі 25 жыл, тағы екеуі 20 жыл алты ай жазасын түрмеде өтеуі тиіс. Және тағы бір ұйымдастырушыға іздеу жарияланған. Қанды оқиғаның өзі былтыр Арыс қаласында болған.

Жер үйдің ауласында отырған жігіттерге бетін тұмшалаған қос жендет қарудан оқ жаудырған. Оқиға орнында бокстан бұрынғы облыс чемпионы, жас спортшыларды баулып жүрген Алмаз Жолдасов пен 23 жастағы боксшы Жандәулет Қабылов тіл тартпай кеткен. Ал қастандықтың жасалуына бизнестегі бәсекелестік себеп болды дейді марқұмның туыстары. Мәселе сөзбен шешілмеген соң, ұйымдастырушы жақ қой бағып жүрген екі малшысын дайындап, қаруына дейін сайлап бергені сотта дәлелденді. Ал осыған дейін БАҚ жазғандай, Алмаз Жолдасовтың бұрын адам өлтіргені туралы ақпарат жалған болып шықты. Бұл сотта дәлелденді дейді марқұмның туыстары.

Ляйла Сейдазимова, марқұм А. Жолдасовтың туысы:

 Жалған ақпарат тарап кетті. Жолдасов Алмас, менің бауырым, ол сотталушылардың алдын өлтірген деген. Ол ондай болмаған, ол өлімге оның қатысы жоқ, ешқандай. Ол кезде сотталушылардың балалары, ол Арыс қаласында да болмаған. Менің бауырым сол мәселе бойынша жалған ақпарат тарап, талай бағдарламалардан, жаңалықтардан шығып жатыр. Ол біздің әулетімізге қатты кері әсерін тигізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде