Оралда түн ортасында көпқабатты үй өртенді
Оралда көпқабатты үйдің тұрғындары таңғы ұйқысынан көк түтінге тұншығып оянды. Бірінші қабатта орналасқан дүкен отқа оранды. Үйдегілерді шұғыл сыртқа шығаруға тура келді.
Автор: Жаңалық Ахаш
04.11.2024
«Жайық» деп аталатын дүкен бірінеше сауда бөлімінен тұрады. Азық-түліктен бастап, киім-кешек те, тұрмыстық заттар да сатылады. От солардың бірінен тұтаныпты. Әлі күн шыға қоймаған тас қараңғы уақытта көк түтіннен отыз шақты тұрғындар далаға әрең шыққан. Тағы жиырма адамды құтқарушылар далаға шығаруға көмектесіпті. Арасында төрт бала бар. Өртті бір сағаттың айналысында өшірген. Өрттің еден тұтанғанын анықтап жатыр. Әйтсе де осындағы саудагерлер соңғы күндері электр жарығы жиі сөніп, ақау шыққанын айтады. Кәсіпкерлер келген шығынды да есептеп жатыр.
Нұрсұлтан Серіков, БҚО ТЖД басқармасы басшысының орынбасары:
— Зардап шеккендер мен өрт залалын тартқан ешкім болған жоқ. Өрт себебі анықталуда. Департаменттің 20 маманы мен 12 техника жұмылдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!