Тасқын: Испания жұрты көше аралауға шыққан монархқа балшық лақтырған
Испания королі Филипп VI лай астында қалды. Елдегі су тасқыны зардабын жою жұмыстарына көңілі толмаған көпшілік көше аралауға шыққан монархқа балшық лақтырған.
Автор: Ақтоты Жұмабек
04.11.2024
Ашуға булыққан Пайпорта қаласының тұрғындары корольді тіпті «қанішер» деп те айыптады.
Айта кетейік, Испаниядағы толассыз жауын мен тасқын салдарынан қаза тапқан адам саны бүінде 272 адамға жетіп отыр. Оның 60-тан астамы Пайпорта қаласының тұрғындары. Із-түзсіз жоғалған жүздеген адам әлі табылмады. Сондықтан қаза болғандар саны әлі де өсуі мүмкін. Оған қоса, шаһарда су тасқынынан үш мыңнан астам үй жарықсыз отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!