Индонезияда «Леотоби» жанартауынан 10 адам қаза тапты
Индонезияның Шығыс Нуса Тенгара провинциясында «Леотоби» жанартауы оянды. Атқылаған күл-қоқыс пен лавадан 10 адам қаза тапты.
Автор: Ақтоты Жұмабек
04.11.2024
Қою түтін мен күл 14 ауылды басып қалған. Ал биіктігі теңіз деңгейінен, шамамен, екі мың метрге дейін көтеріліпті. Жарылыстың күшті болған соншалық, 10 мыңға жуық тұрғын түрлі жарақат алып, зардап шеккен. Құтқару топтары оқиға орнында әлі де басқа жаралыларды іздестіріп жатыр.
Жергілікті билік аралда жыл соңына дейін төтенше жағдай жариялады. Ғалымдар дәл осы кезеңде атқылаулар қайта қайталануы мүмкін деп ескертеді. Сондықтан жергілікті тұрғындарды аса сақ болуға шақырып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!