{metadescription}
Маңғыстау облысында дүлей дауылдың салдарымен күресіп жатыр
Маңғыстау облысында дүлей дауылдың салдарымен күресіп жатыр

Маңғыстау облысында дүлей дауылдың салдарымен күресіп жатыр

Маңғыстау облысында кенет көтерілген дүлей дауыл елдің есін алды. Табиғаттың тосын мінезінен өңірде он шақты ғимараттың шатыры ұшқан. Арасында мемлекеттік мекемелер де бар. Ақтауда жел екпінімен құлаған аялдама екі адамды басып қалды. Сүйегі сынған науқастар бірден ауруханаға жеткізілген.

Дауыл электр желілерін де талқандап, облыс орталығы жарық пен ауыз судан қағылды. Коммуналдық мекемелер табиғи апаттың салдарымен күресіп жатыр.

Желден ықтап аялдамаға тығылған екі адам оның астына басылып қалатынын білмеген. Қаңбақтай ұшқан темір конструкциямен бірге домалаған 46 жастағы ер адамның қолы сынып, 52 жастағы әйелдің бірнеше қабырғасы шытынапты. Кейін әкімдік ол аялдаманы жөндеу кезінде орнынан уақытша алынғанын айтты. Ал жаншылған науқастарға ота жасалды.

Сәкен Нұралиев Маңғыстау облысы ауруханасының қабылдау бөлімі меңгерушісі:

Лапароцентез салынды қазір белау дренажы қойылады. Ол өкпесінің ішіндегі плевро қуысындағы ауаны шығару мақсатында. Қабырғасы сынып, өкпе мен плевроқуысында ауа жиналып қалған. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Үстіне шатырдың бір бөлігі түскен тағы бір азамат дәрігерлердің бақылауынан кейін үйіне жіберіліпті. Жел көтерген шатырдың бөліктері көліктерді де зақымдаған. Әсіресе құрылысы жүріп жатқан нысандардың қаңылтыр қоршаулары қауіп төндірген.

Маманадардың айтуынша дауылды ескерту алдағы үш күнге дейін созылуы мүмкін.

Ерлан Сұлтанмұратов, Маңғыстау облысы ТЖД ресми өкілі:

Маңғыстау облысының тұрғындарына ғимаратардан шықпауға, яғни көліктерін талдардың астына қоймауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және осындай төтенше жағдайда 112 және 101 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Дүлей дауылдан Маңғыстау облысында бес тұрғын үйдің шатыры, бір сауда орталығы мен аурухананың қасбеті желге шыдас бермей талқаны шыққан. Ақтауда сабақ жарты сағаттан өтіп, Қарақия ауданындаға мектептер қашықтан оқуға көшті. Дауыл бастала сала, электр желілеріне де зақым келген. Қазір Ақтаудың біраз бөлігінде жарық сөніп, әлі жөнделіп жатыр. Кей жерде ауыз судың да жоқ екенін айтқан тұрғындардан арыз-шағым түсіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде