{metadescription}
Атырау - Астрахань тас жолында — 15 шақырымдық көлік кептелісі
Атырау - Астрахань тас жолында — 15 шақырымдық көлік кептелісі

Атырау - Астрахань тас жолында — 15 шақырымдық көлік кептелісі

Атырау - Астрахань тас жолында ұзындығы 15 шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болды. Себебі көрші елге жүк тасымалдайтын жүргізушілер Қазақстан- Ресей шекарасынан өте алмай жатыр.

Шекарадағы кептеліске пункттерде енгізілген жаңа бағдарлама себеп болды дейді жүргізушілер. Баяу жұмыс істейтін қосымша жолдан қалдырды деп кейіп отыр. Алайда мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері кептеліске жаңа салынған жол себеп дейді. Атырау-Астрахань трассасы ашылғалы, көлік қозғалысы тым көбейген. Оның үстіне «Құрманғазы» шекара бекетіне қыркүйек айында CarGoRuksat электронды жүйесін орнатып, оған қызмет көрсететін маман санын да көбейткен. Алайда мәселе мұнымен де шешілмейтін түрі бар. Өйткені шекарадағы көліктерді өткізу жолағы небәрі екеу. Кептелістің басты себебі осы екен. Ал ол жолақты көбейтуге көлік минстрлігі жауапты деп отыр.

Мейрамбек Шманов, Атырау олбысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы

Мемлекеттік кірістер департаменті және шекара қызметі тарапынан көлік министрлігіне хаттар жолданды. Бұл хат өткізу жолақтарын кеңейту жөнінде. Шекара қызметінің мәліметінше, бұл бұрыннан келе жатқан проблема. Қазір ПСД дайындалып жатыр. ПСД біткеннен кейін келесі жылы бастаймыз деп отыр. Ол көлік министирлігіне байланысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде