{metadescription}
Астанада мопед мінген 13 жастағы ұлды көлік қағып кетті
Астанада мопед мінген 13 жастағы ұлды көлік қағып кетті

Астанада мопед мінген 13 жастағы ұлды көлік қағып кетті

Астанада мопед тізгіндеген жасөспірімді көлік қағып кетті. Ауыр жарақат алған 13 жастағы ұлдың қазір беті бері қарады.

Баймахамбет Сәдуов, №2 көпбейінді балалар ауруханасының травматология меңгерушісі:

Баланың жағдайы түскен кезде ауыр болды. Бірақ есінен танған жоқ. Балаға ота жасап болдық. Қазір бала ортақ бөлімшеге ауыстырылады. Біраз уақытта емделеді. Кейін алты айдан кейін бәрі жақсы болады, темір алынып тасталады. Бұйырса, бәрі жақсы болу керек.

2011 жылғы жасөспірімнің cол жақ жамбасы сынып, №2 көпбейінді балалар ауруханасында жатыр. Жол апаты сол жағалаудағы басты көшелердің бірінде болды. Әлеуметтік желіде тараған видеода қос дөңгелекті көліктің бөліктері мен оның жүргізушісін жедел жәрдем қызметкерлері қоршап тұрғанын аңғаруға болады. Ал полиция департаменті апатқа бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өтіп кеткен жасөспірімді кінәлі деп танып отыр.

Ержан Әділбеков, Астана ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

Мәңгілік ел даңғылы мен Алматы көшесінің қиылысында кәмелетке толмаған мопед жүргізушісінің қатысуымен оқыс оқиға болды. Жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеудегі міндетін орындамағаны үшін заңды өкілге қатысты әкімшілік іс қозғалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.