{metadescription}
Жамбыл облысында ұрылар өлілер мекеніне қол сала бастаған
Жамбыл облысында ұрылар өлілер мекеніне қол сала бастаған

Жамбыл облысында ұрылар өлілер мекеніне қол сала бастаған

Жамбыл облысында ұрылар тірілерді қойып, енді өлілер мекеніне қол сала бастады. Тұрар Рысқұлов ауданында қабір қоршауларын қопара жұлып қолды қылғандар ұсталды.

Марқұмдардың мазарын бұзғандар 33 және 34 жастағы ер адамдар екен. Олар зираттардың темір қоршауларын сатып үлгерген. Тергеуде күдіктілердің бұған дейін де Талас ауданындағы бейітке ұрлыққа түскені анықталды. Енді ескі әдетіне басып, қорымды қорлағандар қылмыстық жауапқа тартылмақ. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Құндыз Бөгенбаева, Жамбыл облысы ПД ресми өкілі:

«Қылмысқа оқталу» және «адамдар тобымен алдын ала сөз байласып жасалған ұрлық» баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар немесе жоқ екені анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде