{metadescription}
«Таза Қазақстан»: Қарағандыда екі айда жиналған 6 тонна қоқыс өңдеуге жіберілді
«Таза Қазақстан»: Қарағандыда екі айда жиналған 6 тонна қоқыс өңдеуге жіберілді

«Таза Қазақстан»: Қарағандыда екі айда жиналған 6 тонна қоқыс өңдеуге жіберілді

Қарағандыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектеп оқушылары екі айда 6 тоннадан астам қайта өңделетін қоқыс жинап шықты. Пластик, қағаз бен шыны шөлмектер жергілікті қайта өңдеу зауытына жіберілген.

Мектеп оқушылары арасында қоқысты сұрыптауды арнайы экологиялық үйірмеге баратындар ғана біледі. Қалғаны қай түрін болмасын бір қапшыққа жинай береді екен. Мамандар оқушыларға қоқыстың қалай шіритіні мен қайта өңделетінін үйреткен. Ұйымдастырушылардың айтуынша ел тұрғындарында экология мәдениетін қалыптаспайынша, тазалықты сақтауда өткізілетін сенбіліктерден пайда шамалы. Экологар тіпті балалар арасында қайта өңделетін қоқысты көп жинағанды анықтайтын байқау да өткізген. Қабылдау пункттерінен түскен қаржыны оқушылар қайырымдылық қорларына аударыпты.

Әлия Іскендірова жоба жетекшісі

Акция бес мыңнан аса оқушыны қамтыды. Алты мың келіден аса қайта өңделетін қоқыс жиналды. Олар арнайы зауытқа кетті. Оны өткізгеннен түскен қаржы жануарларды қорғауға бағытталған еріктілер ұйымына аударылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде